Германия тұрғындары көшуге дайын отыр

682

Германия тұрғындары көшуге дайын отыр

Германияның орталық бөлігінде өзендер арнасынан тасып, елді мекендерді су басуда. Төтенше жағдайға толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Көшелерді су жайлап, ғимараттардың жертөлелері де жауын суына толған. Ал жергілікті билік өкілдері болса, қауіп төніп тұрған аймақтардағы тұрғындарды эвакуацияларға кірісіп кеткен. Неміс метеорогиялық қызметі қауіптіліктің жоғары деңгейін жариялап, алдағы уақытта жауын-шашын сақталады деген жағымсыз болжамын таратты. Қызыл су кей қалалардағы метро станцияларын да басып кеткен.

Аннероз Аренд, тұрғын: "Мен бар жүктерімді буып-түйіп дайындап қойдым. Бізді қауіпсіз жерге көшіретін шығар. Себебі көрші үді толығымен эвакуациялады. Жанымызды шүберекке түйіп, құдайға сыйынып отырмыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу