banner

Головкин – Джейкобс жекпе-жегін Қазақстанның екі бірдей арнасы тікелей эфирде көрсетеді

658

Головкин – Джейкобс жекпе-жегін Қазақстанның екі бірдей арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жекті Қазақстан және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Бокс кеші 19 наурыз күні Астана уақытымен таңғы 08:00-де басталады. Ал америкалық HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жасайды. Бұл – отандасымыздың ақылы трансляциялар жүйесіндегі екінші жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, кездесу 17-18 мың жанкүйерге шақталған Madison Square Garden аренада өтеді. Билет құны 100-1000 доллар аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу