Google интернетке ақысыз қосылатын Wi-Fi орындарын ашып жатыр

888

Google интернетке ақысыз қосылатын Wi-Fi орындарын ашып жатыр

"Google" корпороциясы "сымсыз нүктелер" арқылы Латын Америкасында өз пайдаланушылар санын арттырмақ, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Компания өзінің Wi-Fi нүктелер санын арттыруды көздеп отыр. Мексика "Google" компаниясы өзінің "Station" бағдарламасын жүзеге асырып жатқан алғашқы мемлекет.

Бұл бағдарлама интернетті тегін пайдалануды қамтамасыз етеді. Алғашында Wi-Fi орындары мемлекет бойынша, Сюдад-Хуаре әуежайынан бастап, АҚШ шекарасындағы жолдарға дейін, сонымен бірге Мексикадағы сауда орындарында қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, "Google" осыған дейін Үндістан мен Индонезияға да Wi-Fi нүктелерін орнатқан еді. Бүгінгі күнде әр айда "Google Station" бағдарламасынан 8 миллион адам пайдаланып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу