Ғұсман Қырғызбаев – Гран При чемпионы

1248

Ғұсман Қырғызбаев – Гран При чемпионы

Мароккода (Агадир) өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев финалда түрік балуаны Озлу Бекирді жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жарысқа екінші айланымда қосылып, алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті.

Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырған Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирді иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын.

Сондай-ақ, 66 келіге дейінгі салмақта белдескен Ерлан Серікжанов жүлдегер атанды. Ол финалда Андриян Гомбичке есе жіберіп, күміс медальға ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу