Халық банк 46 килограмнан артық алтын сатты

1067

Халық банк 46 килограмнан артық алтын сатты

"Қазақстан Халық банкі" АҚ 600 млн теңгеге 46,2 кг алтын құймаларын сатты, деп хабарлайды Kapital.kz.

Халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бойынша бағдарлама іске қосылғалы бері Халық банк клиенттері өткен жылдың 1 маусымы мен 31 қаңтары аралығында 600 млн теңгеге 46,2 кг алтын құймаларын сатып алған.  Солардың ішінде ең көп сұраныста болғаны - 10 грамдық құймалар, оның  613 данасы сатылған. Екінші орында 100 грамдық құймалар (277 дана) болса, үшінші орында 20 (213) және 50 (163) грамдық номиналдар тұр. 
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2017 жылы халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасын іске қосты.
Салмағы 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймалар екінші деңгейлі банктер - Қазақстан Халық банкі, Еуразиялық банк және Цеснабанк арқылы сатылатын болып шешілген еді. 
Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған. Құйма оларды механикалық бүлінуден қорғайтын, ораудың ашылу-ашылмауын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу