Халықтың табиғи өсімі төмендеген

6261

Халықтың табиғи өсімі төмендеген

Қазан айында еліміздегі халық саны 18096,9 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 10383 ,3 мың (57,4%), ал ауылдықтар саны 7713,6 мың адам (42,6%). 2016 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға, яғни 1,3% өскен, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметті өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 293,3 мың туылып, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі нәтижемен салыстырғанда туу көрсеткіші 6,2% төмендегені байқалды. 
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18,0 мың адамға немесе 8,5% кеміп,194,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,45 адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу