Иран "Каррар" танкілерін көптеп шығара бастады

663

Иран "Каррар" танкілерін көптеп шығара бастады

Иранда "Каррар" деп аталатын жаңа танктің таныстырылымы өтті. Сонымен қатар оны көптеп өндіруді бастады, деп хабарлайды РБК.

Иранның қорғаныс министрі Хоссейн Дехганның айтуынша, жаңа әскери машина "қуаты, дәлдігі және ұтқырлығы жағынан әлемдегі заманауи танктермен бәсекелесе алады".

Fars агенттігінің дерегіне сүйенсек, "Каррар" оқты басқарудың электрлі-оптикалық  жүйесімен, лазерлі қашықтық өлшеуішпен, баллистикалық есептеуішпен жарақтанған әрі  күндіз де, түнде де  статикалық және жылжымалы нысандарға оқ жаудыра алады. Танкте  навигациялық жүйе қарастырылған, сондай-ақ суды кешіп өтіп және су астында да қозғала алады.

Таныстырылым кезінде Пурдастан ирак армиясының генералы Ахмад-Реза танк қабілеті жағынан ресейлік Т-90 танкісінен артық болмаса кем түспейтінін атап көрсеткен.

 

 

 

 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу