Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасарын қабылдады

920

Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасарын қабылдады

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Сұхбаттастар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, соның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асыру барысын талқылады.

Саидикрам Ниязходжаев министрді Өзбекстан елшілігінің Алматыдан Астанаға көшуі жөнінде қабылданған шешім және дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенінің құрылысы басталғаны туралы ақпараттандырды.

Тараптар сондай-ақ алдағы түрлі деңгейдегі екіжақты байланыстардың және Орталық Азиядағы халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу