Канаданың Кубадағы елшілері еліне қайтып жатыр

728

Канаданың Кубадағы елшілері еліне қайтып жатыр

Канада Кубадағы дипломаттарын елге қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Гаванадағы елшілікте жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың отбасына акустикалық шабуыл жасалыпты. Қастандықтан 30-ға жуық адам жапа шекті. Бұл туралы Канаданың сыртқы саяси ведомствосының ресми мәлімдемесінде айтылды. Онда "дипмиссия қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері белгісіз дыбыс ықпалының салдарынан зардап шекті" делінген.

Бұған дейін АҚШ дипломаттары да "Бостандық аралындағы елшілікте дыбыстық шабуылға тап болдық" деп, еліне қайтқан болатын. Ресми Канада бұл іске ешқандай қатысы жоқ екенін айтып отыр.

Канада үкіметі Куба билігімен бірлесіп, шабуылдың себептері мен азаматтарға тигізген зардабын тексеріп жатыр. Сондай-ақ "ол адам қолымен жасалған қастандық болуы мүмкін" деген де болжам бар. Ал зардап шеккен қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері елге оралған соң да бас ауруына шағымдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу