Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

748

Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Исламның інісі кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qsport.kz.

Отандасымыз Қанат Исламның інісі Ерлан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады. Бұл туралы боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды. Ол өз сөзінде: "Қанат Исламның інісі, менің шәкіртім кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ерлан Пекинде өткен бокс кешінде қарсыласын 2 раундта нокаутпен ұтты", – деді.

Айта кетейік, Сағатбек Мұсаханов кәсіпқой бокстағы болашағынан үлкен үміт күттіретін Али Ахмедов, Еділ Қожамбердиев сынды боксшылардың бапкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу