Қарағанды әуежайында екі рейс кешігіп жатыр

679

Қарағанды әуежайында екі рейс кешігіп жатыр

Қарағандының "Сары-Арқа" халықаралық әуежайына Алматыдан (VSV781) және Өскеменнен (VSV797) келетін екі рейс уақытында жетпеді. Сәйкесінше, жөнелтім де кешірек уақытқа ауыстырылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
"Ресми түрде әуежай ашық, жұмыс кестесі бойынша қызмет етуде. Екі рейстің келу уақыты кешіктіріліп жатыр: Алматы мен Өскеменнен. Сондықтан ол жақтарға ұшылыратын рейстер де кідіруде. Жолаушылар мейманханаға орналастырылды", - деп мәлімдеді әуежай әкімшілігі. 
Екі рейс те "SCAT" авиакомпаниясымен жүзеге асырылады. Қарағанды-Өскемен рейсі әзірге 22.00-ге жоспарланып отыр. Алматыға бет алған жолаушылар шамамен 12-ші қаңтар түнгі сағат екіде ұшуы мүмкін. 
Рейстердің келуі мен аттануына қатысты барлық өзгертулерді www.kgf.aero сайтынан бақылауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу