Қарағанды вокзалы жаңарады

830

Қарағанды вокзалы жаңарады

2018 жылдың наурызынан алпыс жылдан астам жөндеу көрмеген Қараған облысының теміржол вокзалын жаңарту, үлкейту жұмыстары қолға алынады, деп хабарлайды abctv.kz.

Жөндеу жұмысына шамамен 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Вокзал жаңа кейіпке енгенде күніне 7240 жолаушыға қызмет көрсете алмақ. Бүгінде возкалға келіп-кетушілердің саны 4 мың адам көлемінде.

Жөндеу жұмысын жүргізетін "Мұнай Интер Құрылыс" ЖШС бас инженері Игор Болдыревтің айтуынша, вокзалдың аумағы 4209,71 шаршы метр болады. Алдағы уақытта вокзалдың бірінші қабатында негізгі күту залынан бөлек, әлемдік талаптарға сай ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер болады. Екінші қабатта тамақтану орындары жабдықталмақ. Сонымен қатар, ғимарат қуат үнемдегіш лифтілермен, эскалаторлармен қамтылып, жылу жүйелері қыста ауаны жылытса, жазда салқындататын деңгейде жүргізілмекшы.

Бұдан бөлек, жолаушылардың кезек күтіп қалмауын болдырмау үшін кезекті басқарудың заманауи қондырғысы, билетті электронды сату жүйесі, интернетке шығу мүмкіндігі ұсынылады. Жапсарлас салынатын қосқабатты павильонға теміржолдың үстімен қатынайтын дәліз орнатылады. Ал, бұрынғы ескі ғимарат сол қалпында сақталады да, жөндеуден өтеді. Вокзал кешені құрылысын жүргізу жұмыстарын 2019 жылдың наурызында тәмәмдауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу