Қарағандыда жаңа мұз айдыны ашылды

1429

Қарағандыда жаңа мұз айдыны ашылды

Қарағандыда жаңа мұз айдыны ашылды. Айдын әзірге тестілік режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Жаңа мұз айдыны қазіргі заманғы технологияға сай мұз астына құм төселіп, жабынды арнайы техниканың көмегімен құйылған.

"Қазір біз қала тұрғындарын жаппай мұзда конькимен сырғанауға шақырудамыз, соның арқасында мұз айдынымыздың артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, қажет болған жағдайда қосымша жұмыстарды атқарып, жетілдіретін боламыз. Бізде киім ауыстыруға арналған бөлмелер, келушілер ыстық шаймен және жеңіл тағамдармен ауқаттанып алуға болатын кафетериіміз бар", - дейді "Сарыарқа" ХК-дан. 

7 жасқа дейінгі балалар үшін билет құны - 300 теңге, студенттер үшін де осы баға, ересектерге – 500 теңге. Әзірге сырғанаймын деп ниет білдірушілер тек өз конькилерімен келе алады. Алайда келешекте жаңа мұз айдынының әкімшілігі коньки сатып алуды жоспарлап отыр. 
"Doszhan Sport" мұз айдынында балалар және жасөспірімдер хоккей командалары, мәнерлеп сырғанаушылар, жәнеде мүмкін шорт-трекшілер жаттығатын болады. Екінші қабатта келешекте пластик жабыны бар балаларға арналған мұз айдыны мен сауықтыру орталығы пайда болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу