Қарағандыда жолда қалған 20 адам құтқарылды

864

Қарағандыда жолда қалған 20 адам құтқарылды

Өткен түні Қарағанды облысында автожолдарда қар құрсауында тұрып қалған 20 адам құтқарылды, деп хабарлайды облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Ұлытау ауданы автожолдарында қарлы боран салдарынан тұрып қалған көліктердегі 4 адамға көмек көрсетілді.  Ал Жезқазған-Ұлытау тасжолында қалып кеткен 3 жеңіл көлік эвакуацияланды. Дәл осындай жағдай Абай, Шет ауданында да орын алды.
Сонымен қатар таңертең құтқарушылар Қарағандыға Алматы-Екатеринбург тасжолында бұзылған микроавтобуспен қалып кеткен адамды жеткізді.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты автокөлік жолдары жабылды, ал Астанада н барлық бағытқа жол жабық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу