banner

Қарағандыдағы тұрғын үйдегі өрттен 4 адам көз жұмды

870

Қарағандыдағы тұрғын үйдегі өрттен 4 адам көз жұмды

Қарағанды облысының Шахтинск ауданында тұрғын үйде болған өрттен үш бала мен бір ересек адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарланды.

Ведомство берген ақпарат бойынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде өрт үйдің шатырына дейін шарпып үлгеріпті. Салдарынан 2011, 2014, 2015 жылғы балалар мен ересек адам газға уланып көз жұмды.
Тұрғындар екі баланы сыртқа алып шығып, ауруханаға жеткізгенімен, балалардың өмірін алып қала алмады. Ал екі адам өрт ішінде қалып, құтқарушылар жеткенше жан тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу