Қарағандылық ғалым жаңа металл ойлап тапты

1037

Қарағандылық ғалым жаңа металл ойлап тапты

Қарағандылық жас ғалым көмір қалдықтарын қорытып, жаңа металл түрін ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ, көмір қалдықтарын металлургиялық пеште балқыту арқылы көлемін азайтып, көмір өндірісіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға болатынын анықтады. Ербол Шабанов көмір қалдықтарын қайта өңдеу технологиясын ғылыми жетекшісі Сайлаубай Байсановпен бірге сегіз жылдан астам уақыт бойы зерттеген. Қолданысқа жарамсыз жоғарыкүлді қалдықтарды металлургиялық жолмен балқытып, оның құрамынан кешенді алюмосиликохром қорытпасын алу ешқандай қосымша жабдықтарды қажет етпейді. "Бұл қорытпаны ірі өнеркәсіптердің пештерінде балқытуға болады", – дейді жас маман. Бұл жоба көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Жас ғалым өзінің ойлап тапқан өңдеу технологиясын заңды түрде патенттеп, қазір өндіріске енгізу жолдарын қарастырып жатыр.

"Қолдану барысына келсек, болат өндірісінде оттексіздендіру, қышқылсыздандыру зат ретінде қолданылады. Сонымен қатар ферроқорытпа өндірісінде тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады. Қазір бизнес жоспар жасалуда және өнеркәсіптермен келіссөздер жүргізіліп жатыр", – дейді ҚарМТУ-дің аға оқытушысы Ербол Шабанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу