banner

Қарыз алушы өзінің коллекторлық агенттігімен байланыс жасауы тиіс

1038

Қарыз алушы өзінің коллекторлық агенттігімен байланыс жасауы тиіс

Ағымдағы жылдың 2 маусымында ғана "Коллекторлық қызмет туралы" Заң қолданысқа енгізілді, деп жазады baribar.kz.

Әділет министрлігнің ресми ақпараты бойынша Қазақстанда Коллекторлық қызмет көрсететін 59 агенттік жұмыс істейді. Соның ішінде Алматы облысында 12 агенттік бар. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында ғана "Коллекторлық қызмет туралы" Заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң банк секторы мен микрокредит секторында проблемалық қарыздарды өндіріп алып, туындайтын құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

"Коллекторлық қызмет туралы" КР Заңын қабылдануына дейін, қарыз алушылар үшін бірнеше негізгі тәуекелдер болды:

Біріншіден – талап ету құқықтары басқа тұлғаларға берілген кезде банктердің қарыз алушылары реттеу саласындағы уәкілетті органның қорғауын жоғалтады.

Екіншіден – нарықта қарыздарды жинауға бағытталған ұйымдар қызметінің заңды негіздері, және уәкілетті бақылау органы болған жоқ.Бұл коллекторларға ашық емес қызметі үшін жағдай жасады және қарыз жинаудың заңсыз және әдепсіз әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Ал, үшіншіден, қарыз алушыға қолайсыз шарттарда жаңа келісім шарттарды немесе қосымша келісімдерді мәжбүрлеп жасау қауіпі болды, аталған жайт кредиторға қолданылатын шектеулерді болдыртпау мүмкіндігі бар", – деді ҚР Ұлттык Банкінің Алматы облыстық филиалы директорынын орынбасары Сакенова Алия.

Заң, сондай-ақ борышкердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды көздейді. Борышкер өзінің коллекторлық агенттігімен байланыс жасауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу