Кәсіпкерлердің 944 миллиард теңгесі өзінде қалды

738

Кәсіпкерлердің 944 миллиард теңгесі өзінде қалды

Астанада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 100,8 мыңға жетіп, онда жұмыс істейтіндер саны бір жылда 294 мыңнан 325,2 мыңға дейін артқан. Бұл туралы елордада өткен кәсіпкерлер конференциясында қаланың кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов айтты, деп хабарлайды палатаның қоғаммен байланыс департаменті.

Кездесу барысында Ғани Тасмағанбетов өңірлік бизнесті дамытудағы басым бағыттарға тоқталды. Оның айтуынша, шағын және орта бизнестің үлесі ЖӨӨ құрылымында  57,4%-ға жетіп, инвестиция көлемі 10%-ға артып, 944 млрд теңгені құраған.

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы жанында құрылған Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске өткен жылы  кәсіпкерлерден 312 шағым түскен, оның 100-і  кәсіпкерлер пайдасына шешілді.  Жалпы, бір жыл ішінде кәсіпкерлер құқығы 4,77 млрд теңге көлемінде қорғалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу