Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияға сапарлайды

734

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияға сапарлайды

2018 жылғы 12-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияда сапарда болады, деп хабарлайды egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болады. Сенат төрағасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Индонезия басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізіп, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуға шақыруды табыс етеді. Қазақстан сенатының төрағасы мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің басшымен кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі әңгіме өзегіне айналады. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу