Қазақфильм "Қазақ хандығының" екінші маусымын түсіруді бастады

920

Қазақфильм  "Қазақ хандығының" екінші маусымын түсіруді бастады

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Centaurus Rustem Abdrashev production" компаниясымен бірлесе отырып "Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты тарихи сериалының екінші маусымын түсіруді бастады, деп хабарлайды elorda.info.

"Қазақ хандығы" сериалының бірінші маусымы отандастарымыздың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Режиссердің және шығармашылық топтың атына көптеген алғыс хаттар келіп түсті, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы жылы лебіздер алдық. Көптеген пікірталастар мен сындар да болды. Халық тарапынан осы жобаның жалғасын түсірсе екен деген тілегін аңғардық. Бұл біз үшін өте маңызды", - деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдіраш.

Режисердің айтуынша, он бөлімнен тұратын жаңа маусымның сценарий авторлары да бұрынғы сценаристер болмақ. Сондай-ақ, тарихи туындының бірінші маусымы Керейдің хан тағына отыруымен аяқталса, екінші маусымда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы, Жәнібектің таққа отыруы суреттелмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу