Қазақстан арқылы Қытайдан Өзбекстанға арнайы туристік бағыт ашылады

892

Қазақстан арқылы Қытайдан Өзбекстанға арнайы туристік бағыт ашылады

Келер жылы Қытайдың Үрімші қаласынан Өзбекстанның Самарқандына дейін теміржол арқылы арнайы туристік бағыт ашылуы мүмкін, деп хабарлайды khabar.kz.

Бағыт ашылса, аталмыш пойыз Қазақстан арқылы өтіп, оңтүстік өңірлермен Алматы, Астана қалаларына да аялдайды. Жобаны Қытай туроператорлары қолға алмақшы. Бұл туралы олар Таразда өтіп жатқан халықаралық форум аясында мәлімдеді.

"Біз осы күндері Жамбыл облысындағы 20-дан астам туристік нысанда болып қайттық. Менің ойымша, олар сіздердің елге келген туристерді қызықтырады. Бұл ретте тамақтану орындары мен қызмет көрсету пункттерін көбейту қажеттілігі туындап отыр. Әсіресе біздің елдің адамдары Қазақстандағы табиғи, таза өнімдердің сапасын жоғары бағалайды деп ойлаймын", - дейді Қытайдың туристік компаниясының өкілі Ю Ли Хонг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу