Қазақстан кубогында командалық есепте Алматы қаласы көш бастады

728

Қазақстан кубогында командалық есепте Алматы қаласы көш бастады

Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан кубогының екі іріктеу және финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстан кубогына еліміздің 11 облысы мен Астана және Алматы қаласының спортшылары қатысты. бірінші орынды командалық есепте Алматы құрамасы жеңіп алды. Оңтүстік астанамыздың спортшылары финалда 17 (5 алтын, 7 күміс, 5 қола) медаль еншілеген. Жалпы – 17629 ұпай.

Чемпион атанғандардың қатарында Роман Лошкарев (биіктікке секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру) бар.

Екінші орын Қарағанды облысына бұйырды. Сарыарқадан келген спортшылар 5 алтын, 3 күміс, 2 қолаға ие болды. Жалпы ұпай көрсеткіші – 12670. Қарағанды құрамасынан Вячеслав Земс (60 метрге жүгіру және 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Мария Овчинникова (ұзындыққа және үш қарғып секіру), Любовь Ушакова (200 метрге жүгіру).

Үшінші орынға Павлодар құрамасы тұрақтады. Кереку спортшылары 7 (1 алтын, 4 күміс, 2 қола) еншілеген. Жалғыз алтын 200 метрге жүгірген Дамил Сутжановқа тиесілі. Жинаған ұпай көлемі – 10361.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу