Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір орын төмен сырғыды

630

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір орын төмен сырғыды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 1 саты төмендеп, 136-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды vesti.kz.
Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алмаған.  Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия құрамасы келеді. Үштікті Португалия құрамасы қорытындылап тұр.
Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Египет ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 13 саты төмендеп, 43-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін  Конго құрамасы еншіледі. Олар 8 саты жоғарылап, 88-ші орынға табан тіреген.
Қазақстан құрамасы қаңтар айында ойындар өткізген жоқ. Әзірге ұлттық құрама жаттықтырушысы да тағайындалған жоқ. Отандастарымыз наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен, 23 наурыз күні Венгрия құрамасымен ойнайды. Араға үш күн сала Болгария құрамасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу