Қазақстан қысқы Олимпиаданы жалғыз жүлдемен аяқтады

728

Қазақстан қысқы Олимпиаданы жалғыз жүлдемен аяқтады

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шаңғышы қыздарымыз 30 шақырымдық масс-стартта өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz
Бірақ, қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады. Қыздарымыз барын салғанымен, жүлделі орынға қол жеткізе алмады.
Анна Шевченко - 31-ші, Валерия Тюленева - 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәреге жетті.
Осылайша, еліміз спортшылары Оңтүстік Корея жеріндегі Олимпиада ойындарын аяқтап отыр. Команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген жалғыз қола жүлде ғана бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу