Қазақстан ядролық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесін құруды қолдайтынын мәлімдеді

737

Қазақстан ядролық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесін құруды қолдайтынын мәлімдеді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Вашингтонда өткен Қазақстан-Америка іскерлік қауымдастығының қабылдауында Қазақстанның ядролық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесін құру идеясын қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды khabar.kz.

Жиын Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен өтті.

"Ядролық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесі құрылатын болса, халықаралық нормаларға сәйкес қарудың таралмауын бақылауда ұстап қана қоймай, оны бейбіт мақсатта қолдануға жағдай жасауға болады", – дейді мамандар.

2018 жылдың қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары жоспарланған. Бұл шара соның қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Қанат Бозымбаев Америка атом энергетикасы, мұнай-газ секторы мен мұнай-химия өнеркәсібі компанияларының басшыларымен кездесті.

"Екі реакторымызды жоғары байытылған отыннан төмен байытылған отынға ауыстырмақпыз. Қазір ИВГ мен ИГРА-ның прототиптері жасалып шығарылды. Жылу шығаратын екі құрылғыны ИВГ реакторында сынақтан өткізудің маңызды кезеңіне келдік. Үшінші сынақ сәтті өтті. Алда әлі 30-ы бар. Америкалық және ресейлік әріптестерімізбен бірге 2,5 жылдан кейін ИВГ реакторларын төмен байытылған отынға көшіреміз",- дейді "ҚР Ұлттық ядролық орталық" РМК бас директоры Ерлан Батырбеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу