Қазақстан жастар құрамасы украиналық клубты жеңді

582

Қазақстан жастар құрамасы украиналық клубты жеңді

Түркияда оқу-жаттығу жиынында дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жолдастық матчын өткізді. Талғат Байсуфинов шәкірттерінің қарсыласы Украинаның бірінші лигасында ойнайтын "Оболонь-Бровар" командасы болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесу тағдыры екінші таймда ойынның аяқталуына он минут қалғанда шешілді. Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушы Иван Антипов алаң жиегінде қарсыласынан допты тартып алып, қарымта шабуыл ұйымдастырды. Айып алаңына қарай жақындап, ашық тұрған Олег Чепрасовке пас қалдырды. Бельгияның "Wellen" клубында ойнайтын орталық шабуылшы допты қақпаға тура бағыттап, Қазақстан жастар құрамасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 1:0.

Жолдастық матч. Қазақстан U-21 - "Оболонь-Бровар" - 1:0 (0:0)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу