Қазақстан жейдесі экспортқа шығарыла бастады

714

Қазақстан жейдесі экспортқа шығарыла бастады

"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында несие алып, отандық киім тігуді бастаған компания, бүгінде өз өнімін шетелге экспорттай бастады, деп хабарлайды "Даму" қорының баспасөз қызметі.

"Dalatex" компаниясы ерлер жейдесін тігуді осыдан бір жыл бұрын қолға алған. Көпшіліктің көзайымына айналған цех бүгінде өз өнімін Қазақстанның барлық аймағына, тіпті Ресейге де экспорттап отыр.

"Dalatex" брэнді кең үлгіде, қынама белді және жартылай ұзындықтағы үлгімен әртүрлі матадан ерлер жейделерін ұсынады. Фабриканың негізін қалаушы Ділмұхамед Абизов бизнестегі жолын 20 жыл бұрын бастаған. Ол кәсібін дамыту мақсатында "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 14 пайызбен 30 млн теңге несие алған, оның 10 пайыздық үстемесін мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялады.

Ділмұхамедтің айтуынша, өз бизнесін әртараптандыру үшін және саудадан өндіріске өту қадамын жасауға көп ойланып барған. Ең бастысы, нақты қадам жасау арқылы ол өзінің айналасы мен мемлекеттің үлкен көмегін сезіне алды. 

"Мен өз арманымды жүзеге асыра алғаныма қуаныштымын. Күнделікті 200-ден астам жейде тігеміз. Ал шеберлеріміз көйлектің әр түрін ұсына отырып, талғамы жоғары тұтынушылардың тапсырысын орындайды. Біздің өнімді жергілікті халық қана емес, өзге өңір тұрғындары да ұнатып, сатып алып жатыр. Бұл – еңбегіміздің жемісі", – дейді Ділмұхамед Абизов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу