Қазақстан жыл сайын 200 миллион долларға сүт импорттайды

1036

Қазақстан жыл сайын 200 миллион долларға сүт импорттайды

Иван Сауэр мемлекеттік қолдаудың басымдылықтарын таңдағанда, азық-түлік импортының жоғары көлемін және импортты елде өндіруге болатын заттармен алмастыру жөніндегі жұмыстарды ескеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды "Атамекен" КҰП баспасөз қызметі.

"Мәселен, бізде сүт өінімдерін өндіруді ұлғайту бойынша әлеует жоғары, өйткені сүт өнімдері жыл сайын сырттан шамамен 200 млн АҚШ доллары көлемінде тасымалданады. Егер отандық фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындарды қолдасақ, онда ипорт көлемін айтарлықтай қысқартып, қаражатты мемлекет ішінде қалдыра аламыз. Сүт өндірісін өсіру әлеуеті СҚО, Ақмола, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары. Мемлекеттік қолдауда мал шаруашылығындағы сүт бағытын дамыту басымдыққа айналуы керек", – деді  ҰКП агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен жұмыс кездесуі барысында.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі үшін мал шаруашылығы басым бағыттардың бірі болғанымен, жылына 60 мың тонна ет экспорттау межесі әл орындалған жоқ. Осы мақсатта ет бағытындағы 60 мың бас ірі қара шетелден әкелінген болатын.

ҰҚП басшысы Тимур Құлыбаев АӨК комитеті басшылығына  ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын, мал шаруашылығының өнімділігін, азық-түлік қорларының жай-күйін, мал шаруашылығы мамандарының қолжетімділігін талдауды,  сондай-ақ шыққан нәтиже бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу