Қазақстанда биыл 15 бірдей цифрлық ХҚКО ашылады

928

Қазақстанда биыл 15 бірдей цифрлық ХҚКО ашылады

Қазақстанда 2018 жылы 15 бірдей цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл елімізде 15 бірдей цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл бағыттағы қадам азаматтарымыздың цифрлық дағдысын арттыруға жол ашады. Сонымен қатар, 21 миллион қызметті қысқартуға жол ашады", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, 2017 жылы мемлекеттік корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен. Оның ішінде 24 миллионы электронды түрде болған. Ал биыл сонымен қатар, кем дегенде екі миграциялық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмысын бастайды.

"2018 жылы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы бойынша мемлекеттік корпорация алдында халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға арттыру міндеті қойылады", - деп түйді Абылайхан Оспанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу