Қазақстанда өңдеу саласының жаңа 26 секторы пайда болды

872

Қазақстанда өңдеу саласының жаңа 26 секторы пайда болды

Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда  Қазақстанда өңдеу саласының жаңа 26 секторы пайда болды. Өнімді жұмыспен және еліміздің көптеген өңірлерінде экономика тұрақтылығын қамтамасыз еткен жаңа индустриалды база пайда болды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда, экономика мен өнеркәсіптің құрылымы өзгеруде. Өңдеу секторының экономика дамуына үлесі (ЖІӨ) 2010 жылғы 11,3%-дан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша  12,0%-ға дейін, өнеркәсіпте 2010 жылғы 30,5 %-дан 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша  40,1 %-ға дейін, экспортта 2010 жылғы 27,9 %-дан 2017 жылдың 7 айы бойынша 32,5 %-ға дейін артты.

2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,6-дан 11,8 мың АҚШ долл/адам көрсеткішіне дейін артты(нақты өсім 5,3%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу