Қазақстанда ұлттық кинолардың сандық топтамасы жасалады

1047

Қазақстанда ұлттық кинолардың сандық топтамасы жасалады

Қазақстанда ұлттық кинолардың сандық топтамасы жасалады. Алдағы үш жылда Қазақфильмдегі кино қоры сандық форматқа көшіріледі. Мұрағатта шаң басып жатқан 3 мыңға жуық деректі және көркем киноленталар онлайн-платформаға орналастырылады. Мұндай жобаға Мәдениет министрлігі бастамашы болып отыр. Қазақстан мәдени ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің айтуынша, пленкаларды жөндеу керек. Кейбір ақ-қара түсті ленталар бояуды қажет етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік фильмдер қорын Қазақфильмнен бөлуді ұсынды.

Андрей Хазболатов, Қазақ мәдени ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

"Жобаның мақсаты Қазақстанның барлық кино қорын сандық нұсқаға ауыстыру болып отыр. Оған Кеңес кезеңінен бастап, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақфильм және өзге киностудилар түсірген фильмдер түгел қамтылуы тиіс. Қаржы бар. Ал фильмдер тізімі жасалғаннан кейін бірден жұмысты бастаймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу