Қазақстандық газ бағасы Ресейдікінен 40 есеге төмен болады

794

Қазақстандық газ бағасы Ресейдікінен 40 есеге төмен болады

Байқоңырда 300-ден астам тұрғын үй кешені отандық табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін қала тұрғындары ресейлік көгілдір отынды текше метріне 800 теңгеден сатып алып келген. Ал қазақстандық газдың құны одан 40 есеге төмен болмақ.

Қалалық обьектілерге табиғи газды тарту үшін "ҚазТрансГаз" компаниясы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр.

Бүгінде аймақта "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбыры жүргізілген. Нәтижесінде 21 мыңға жуық абонент табиғи газға қол жеткізеді.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

"Енді жер телімдерінің бір бөлігі жалдаудан алынады. Ресейлік әріптестерімізбен бірге шағын және орта бизнесті дамыту жобаларын іске асыратын боламыз. Жаңа жұмыс орындары құрылады. "Восточный" ғарыш айлағында жоспарланған жобалардың басым бөлігі осында берілетін болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу