banner

АИ-92 маркалы бензині барлық өңірде еркін сатылуда

881

АИ-92 маркалы бензині барлық өңірде еркін сатылуда

Үлкен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензині барлық өңірдегі "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісінде еркін түрде сатылып жатыр, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС-ның баспасөз қызметі.

"Бүгінгі күні "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС-ларында отынды жеткізу қатаң бақылауда. Егер өткен аптаның басында мұнай өнімдері тек үш облыста ғана еркін сатылса, бүгінгі күні республиканың сегіз өңірінде отын еркін сатылуда, алты өңірде қор бар, бұл отынды 20 литрге дейінгі көлемде еркін түрде өткізуге мүмкіндік береді және екі облыста өткізу картасы бойынша жүзеге асырылуда және жағдай "қол режимімен" реттелуде", -  деді Астана қаласындағы баспасөзге арналған брифингте "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев. 

Астанадағы "ҚазМұнайГаз" барлық ЖМҚС-ларында АИ-92 бензинінің 2000-нан астам тонна бензинінің қалдығы еркін түрде өткізілуде. Сонымен қатар қалаға 2 мыңнан астам тонна бензин импортталды, тағы шамамен 800 тоннасы жолда.

Жалпы алғанда, өңірлердегі "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісі бойынша шамамен 12 мың тонна АИ-92 маркалы бензині жолда екендігін және өңірлерге осы мұнай өнімдері келіп түсуіне қарай өткізу еркін режимге ауыстырылатындығын атап өтті спикер

Бұдан басқа қазіргі уақытта қазақстандық МӨЗ-дердің бірі жөндеуге тоқтағандығын және импортпен қамтамасыз ету талап етілетіндігін ескере отырып, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС шамамен 45 мың тонна ресей бензині импорттауға келісімшарт жасасты, оның негізгі көлемі осы аптада тиеп-жөнелтіледі дейді Тасанбаев.

АИ-92 маркалы бензинінің құнына байланысты "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС басқарушы директоры: "Қазіргі уақытта баға 157 теңгені құрайды, бұл баға Ресей бензині партиясының келіп түскендігін ескерсек, орташа өлшемді баға болып табылады. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз және қазақстандық МӨЗ-дерден, сондай-ақ импорттық отын партиясының келіп түсуіне байланысты түзету енгізіп отыратын боламыз", - деп нақтылады басқарушы директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу