Қазақстанның солтүстігін газбен қамтуға триллион теңге керек

823

Қазақстанның солтүстігін газбен қамтуға триллион теңге керек

Қазақстанның солтүстігін газдандыруға шамамен 1трлн теңге қажет. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, айтты, деп хабарлайды КазТаг.   
"Бастапқыда мәселе басқа бағыт бойынша қаралған еді, Ресей Федерациясы тарабынан Қарталы - Тобол - Көкшетау – Астана арқылы, сосын Көкшетаудан Петропавл жағына қарай, барлық есептеулер жүргізілді.  Бірақ, біздің ресейлік газға тәуелділігімізге байланысты жоба тоқтатылып қойды.  Бұл мәселе талқыланып жатқанда, батыс өңірлер – Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральды газ құбыры салынды. Бірінші бөлігі 2013 жылы пайдалануға берілді, сол кезде тапсырма беріліп, біз өз газымызды батыс өңірлерден орталық және солтүстік өңірлерге беруді бастадық", - деді Бақытжан Сағынтаев парламент мәжілісінің алқа отырысында.  
Осыған байланысты "Сарыарқа" магистральды газ құбырының құрылысы бойынша тиісті есептеулер жүргізілген. Құрылыс Қызылордадан басталып (Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана), Астанадан Көкшетауға және Петропавлға дейін кетеді. Жобаға шамамен 370 млрд теңге керек.
"Қазір біз қаржыландыру көзін іздестіріп жатырмыз. Жобаны біз бірнеше кезеңге бөлдік. Бірінші кезеңде Астанаға дейін барамыз, шамамен 80 шақырым, ақшаның көп бөлігі осыған кетеді. Екінші кезеңде Көкшетауға, Ақмола облысын да қамтимыз, соның ішінде Шучинск-Бурабай шипажайының аумағы да бар, үшінші кезең   -  Петропавлға дейін. Бұл тек жұмыстың бір бөлігі ғана. Ал енді барлық елдімекенді қамту үшін таратушы желілер салу керек", - деді премьер.
Ол барлығы 670 млрд теңгені құрап отыр, Қарағанды облысына 500 млрд теңге кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу