Қой шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті

1311

Қой шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті

Алматы облысында қой шаруашылығын дамыту және қой тұқымын асылдандыру мәселесіне арналған семинар кеңес өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында баяндама жасаған  қой шаруашылығы бойынша республикалық палатаның төрағасы Тынышбай Досымбековтің айтуынша палата мүшелігіндегі ғалымдар бірлесіп қой шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленген. Осы бағдарламада белгіленген алдыңғы кезектегі мәселелер жайлы баяндамашы кеңінен әңгімеледі. Палата төрағасы ең алдымен бәсекеге қабілетті біртекті тауар қалыптастыру қажеттігін айтты. Бұл тауар халықаралық стандарттарға және экспортталатын елдің стандартына сай болуы керек. Бұл орайда жоғары өнімділігін, өз құнының төмен болуын, тиісті тауарлық келбеті болуын қамтамасыз ету қажет.

Жұмыстың негізгі міндеттерін айқындаған баяндамашы оларға қол жеткізу жолдары, көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар, қой тұқымын асылдандырудың сатылай қадамдары, экспортқа шығару және басқа да мәселелерге тоқталды. Осындай мазмұндағы барлық мәселелер бойынша республикалық палата қой өсірушілерге барлық қажетті көмекті көрсетпек.

Семинарда Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, палаталар кеңесінің мүшесі Төлеухан Садықұлов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Мамай Прманшаев, "Жетісу" аймақтық ассоциациясының төрағасы Кеңесхан Әбділденов қатысып, қой шаруашылығын дамытудың ғылыммен байланысының маңызы жайлы әңгімеледі.

Облыстағы шаруа қожалықтарының басшылары, қой өсірушілер кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылардан ұсақ мал өсірудің замануи тәсілдерін ғана естіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өздерін толғандыратын сауалдарына тиянақты жауап та алды.

Кездесуге қатысушылар мұндай конструктивті диалог алға қойған міндеттерді тиімді шешуге көмектесетінін, қой өсіруде айтулы жетістіктерге жету жолында облыс фермерлері де өз үлестерін қосатындығын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу