Көктайғақпен күреске 233 миллион теңге бөлінді

1164

Көктайғақпен күреске 233 миллион теңге бөлінді

Жамбыл облысында күз, қыс маусымдарында жолды күтіп ұстау үшін 233,5 миллион теңге қаржы қарастырылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Жергілікті жердегі жолдарды қыс мезгілінде тазалап отыруға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады. Мәселен, 2016 жылы қыс маусымында жолды айнадай етіп ұстауға бюджеттен 153,1 миллион теңге бөлінген. Ал биылғы жылдың күз, қыс маусымдарында жолды күтіп ұстауға 233,5 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Жалпы, жергілікті атқарушы органдар мен мердігерлер тарапынан жолдағы қауіпті бөліктер мен асулардағы көктайғаққа қарсы 17220 тонна құм мен тұз араластырылған инертті материал дайындалған. Бұл нормативтік қажеттіліктің 98,1%-ын өтейді. Арнайы техниканың саны 133 бірлік. Дәл осы көрсеткіш қажетті көлемнің 29,5%-ына ғана тең. Қыс мезгілінде төтенше жағдай туындаса кемінде 451 дана техника қажет болады екен.

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы жолдардың ұзындығы 5187 шақырымды құрайды, оның 2007 шақырымы аудандық, 1943 шақырымы облыстық, 1237 шақырымы республикалық маңызға ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу