Конституциялық реформаның басты мақсаты – қоғамды ұйымдастыру

1194

Конституциялық реформаның басты мақсаты – қоғамды ұйымдастыру

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының кезектен тыс отырысын өткізді. Іс-шара мемлекет басшысы қол қойған Қазақстанның жаңа Конституциясына арналды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы Ата Заңның жаңа редакциясын толық қолдай отырып, күшті президенттік биліктің сақталуы мен жаңартылған Конституцияда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлі одан әрі нығая түскенін айрықша айтып өтті.

"Бар болғаны ширек ғасырда елімізді әлемдік деңгейдегі өте қуатты және беделді мемлекетке, сондай-ақ тұрақтылықтың, бірліктің және қарқынды экономикалық дамудың орталығына айналдырған Мемлекет басшысы – Қазақстанның аса көрнекті сәулетшісі", – дейді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Мұхтар Құл-Мұхаммед конституциялық реформаның басты мақсаты – ең алдымен, қоғамды ұйыстыру екенін айтты. Өйткені елбасымыздың үшінші жаңғыру мен "Қазақстан-2050" даму стратегиясы аясында алдымызға қойған міндеттерінің ауқымдылығы мен аса күрделілігі ескеріліп, жаңа кезеңде де бірлік, біртұтастық және тұрақтылық сияқты негізгі құндылықтардың маңызы арта бермек.

Отырыс барысында Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жаңа Конституцияны қолдау мақсатында халыққа арнайы үндеуін жариялады.

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы еліміздегі 5 жетекші саяси партияны, 23 ірі қоғамдық бірлестікті және 500-ден астам үкіметтік емес ұйымды біріктіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу