ҚР мемлекеттік хатшысы Түркия Республикасына жұмыс сапарымен барды

905

ҚР мемлекеттік хатшысы Түркия Республикасына жұмыс сапарымен барды

Мемлекеттік хатшы сапар аясында Түркия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоғлының шақыруымен Қазақстан мен Түркия іскер әйелдерінің бизнес-форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттік хатшы Қазақстанда әйелдердің мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде әйелдердің 10,1 пайызы (43 адам) саяси мемлекеттік қызметші болып саналады. Парламенттегі 33 адам немесе депутаттардың жалпы санының 22 пайызы – әйелдер. Барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің 43 пайызын әйелдер басқарып, жұмыс орындарының 31 пайызын (964 мың адамды) қамтамасыз етіп отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша, "әйелдердің экономикалық даму саласына қатысуы және мүмкіндіктері" көрсеткіші жөнінен Қазақстан 30-шы орында.
Форумда кәсіпкер әйелдердің инновациялық бизнес-жобалары таныстырылып, қатысушылар озық тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия әйелдерінің бизнес-қоғамдастығы арасында экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, форум аясында Гүлшара Әбдіқалықова Түркия парламентінің спикері Исмаил Кахраманмен, Түркия премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоғлымен, Түркияның отбасы істері және әлеуметтік саясат жөніндегі министрі Фатма Бетюль Сайян Каямен кездесу өткізді.
Кездесулер барысында Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының қазіргі жағдайы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу