ЭКСПО көрмесі кезінде қатынаған уақытша пойыздың жетеуі тұрақты кестеге көшті

788

ЭКСПО көрмесі кезінде қатынаған уақытша пойыздың жетеуі тұрақты кестеге көшті

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев 2017 жыл қорытындысын жасап, жаңа жылға тапсырма белгіледі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 
2017 жылы жүк айналымы 208,8 млрд тонна-шақырымды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары көрсеткіш.
Жүк тиеу көлемі 242 млн тоннаны құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 12% өсті.
Әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау көлемі толығымен орындалды. 103,2 миллион тонна көмір тиелді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 13 миллион тоннаға артып, 14% жоғары болды. Астық және ұн өнімдерін тиеу көлемі 13,5 миллион тоннаға жеткізілді. Оның ішінде 8,9 миллион тонна астық тасымалданды. Ол 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104 пайызға жоғары. Ұн өнімдерін тасымалдау -3,2 миллион тонна болса, 2016 жылмен салыстырғанда 112 пайызға жоғары көрсеткішті құрады.
Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 16 миллион тоннаға жеткізіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 23% көтерілді.

Халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде 14 уақытша пойыз қатынаса, оның 7 пойызы тұрақты кестеге көшірілді. Осы кезеңде 5 миллион 647 мың жолаушы тасымалданды. Өткен жылы электрондық билет сату 64% өссе, 2018 жылы оны 75% жеткізу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу