Қырғыздар ет асудан рекорд орнатты

858

Қырғыздар ет асудан рекорд орнатты

Бішкекте 1 464 келі болатын жылқы еті мен ұзындығы 117 метр қазы дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Жамалбек Ырсалиевтің айтуынша, дайындалған ет Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Барлық санитарлық талаптар сақталып, шара барысы толығымен тіркелген. Бүгінгі үлкен қазандағы асты бақылауға Швеция мен Италиядан келген екі аспаз қатысты.

АКИpress агенттігінің мәліметіне сүйенсек,  9 бас жылқы сойылып, сиымдылығы 150 литрлік 12 тайқазан құрылған.

"Қырғыз тилектештиги" қоғамдық бірлестігі бұл шараны жыл сайын 5 наурызда атап өтілетін Қалпақ күніне арнаған. 8 наурызда Гиннестік рекордтар кітабынан жауап келген. Онда бірінші турдан осы шара сәтті өтілгені атап өтілген. Қазір екінші тур құжаттары әзірленген, фото және видео тіркеу жүргізілді. Қорытынды екі аптада әзір болады деп хабарланған.

Дайын болған асты жиналған қонақтарға үлестірді. Ең алдымен жеті облыстан жиналған ақсақалдарға дәм татқызды.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы 6 шілдеде Астана күніне арнап үлкен тайқазанға ет асылды. 746 келі болатын әлемдегі ең үлкен ет тағамы мерекеге келген халыққа таратылып, артынша ұйымдастырушыларға Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу