Қырғызстан 100 миллион доллардан ресми түрде бас тартады

961

Қырғызстан 100 миллион доллардан ресми түрде бас тартады

Қазақстанның қаржылай көмегінен Қырғызстан үкіметі ресми бас тартты. Яғни, Еуразиялық экономикалық одақ табына сәйкес, интеграциялық ынтымақтастықты арттыру мақсатында берілетін 100 млн долларды ресми Бішкек енді алмауға ұйғарым шығарды. Мұндай мәлімдемені Қырғызстанның экономика министрі Артем Новиков жасаған.

Тazabek.kg сайтының жазуынша, бұл Жоғарғы Кеңестің шешімі екен.

Еске салсақ, 2016 жылдың 26-желтоқсанында Санкт-Петербургте Ресейдің кепіл болуымен Қазақстан және Қырғызстан Үкіметі арасында техникалық көмек келісімі жасалған. Берілетін 100 млн долларға Бішкек ветеринарлық қауіпсіздікке байланысты мәселелерді реттеуі тиіс болған. Қазақстан үкіметі бұған дейін техникалық көмектің алғашқы траншы ретінде 41 млн долларды бөлетіндігін мәлімдеп, Қырғызстаннан банк реквизитін алған. Әзірге бас тартудың себебі қажеттліктің жоқтығымен түсіндіріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу