Қызметі тоқтап тұрған мекемелер мәжбүрлі түрде жабылады

824

Қызметі тоқтап тұрған мекемелер мәжбүрлі түрде жабылады

Ақтөбеде қызметі тоқтап тұрған мекемелер енді мәжбүрлі түрде жабылатын болды. Өңірде осындай үш мыңдай нысан бар екен, деп хабарлайды 24.kz.

Салық кодексінің жаңа талаптарына сәйкес, қызметі тоқтаған заңды тұлғаларды тіркеуден шығару сот арқылы жүзеге асырылады. Бұл – жаңа кәсіпке кірісуге бел шешкен азаматтарға айтарлықтай көмек. Себебі ескі серіктестік жойылмай, жаңасын ашуға жол жоқ.

Жаңа заңнамаға сәйкес, әрекетсіз тұрған мекемелердің қызметін тоқтатуды енді салық органдары қолға алатын болды. Бастысы, мүлгіген мекемелердің қарызы болмауы керек.

"Салық комитетіне барып жолығу керек. Бірінші қыркүйекке дейін барлық шараларды атқарып, сотқа беру керек. Сот шешімі шыққаннан кейін біз әрекетсіз заңды тұлғаларды жабамыз", - дейді облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Айнұр Көшкінбаева.

Салық департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелген кейбір азаматтар уақыт өте, оны жоюды ұмытып та кетіп жүреді. Бұл болашақта жаңа кәсіп ашуға кедергі. Сондықтан дер кезінде жойылмаған мекемелерді мәжбүрлеп жабу көптеген мәселені шешетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу