Қызылордаға толықтай газ берілді

913

Қызылордаға толықтай газ берілді

Қызылорда қаласына толықтай газ берілді. №1 автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы көгілдір отын жіберіле бастады, деп хабарлайды 24.kz
Ал 2-станцияны жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы мамандардың шұғыл әрекет етуі арқасында маңызды әлеуметтік нысандар мен жеке үйлердегі тұтынушылардың басым көпшілігіне газ беру тоқтаған жоқ. Дегенмен 1 мың 300-дей абонент өткен түнді көгілдір отынсыз өткізді. Апаттың себептерін арнайы комиссия анықтау үстінде.
"Сағат 2-нің кезінде Қызылорда қаласы толығымен газға қосылды. Газ АГРС-1 арқылы алынып отыр. Газ жеткілікті", - дейді "ҚазТрансГазАймақ" АҚ өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағанбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу