banner

Марқұмдардың аты-жөндері жарияланды

959

Марқұмдардың аты-жөндері жарияланды

 

Автобустағы өрттен қаза тапқандардың алдын ала тізімі жарияланды. Әзірге, онда марқұм болған елу екі адамның тек 29-ның есімдері берілген. Олардың ең жасы небәрі 19 да, ал ең үлкені 41 жаста болған. Сондай-ақ, барлығы да Өзбекстанның Наманған облысының тумалары екені анықталды. Кейбір марқұмдардың денелерін анықтау үшін ДНК сараптмасы жүргізілетін болады. Айта кетейік, қайғылы жағдайға байланысты Ақтөбеге Өзбекстанннан да Үкіметтік комиссия келді. Олар қазір марқұмдардың денелерін тану жұмыстарын жүргізуде. Екі ел мамандары қайғылы жағдайға нақты не себеп болғанын анықтайтын болады. Себебі, түрлі болжамдар айтылуда. Кей ақпарат агенттіктері өрт автобус ішінде кикілжің болып, жылыну үшін қосылып тұрған отшамға жанармай шашылғанан  шарпыған дегенді жазуда. Ал, еліміздің Ішкі істер министрлігі болса бұл қылмыс емес, қайғылы жағдай деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, қайғылы жағдай кеше Самара – Шымкент тас жолының Ырғыз ауданынына қарасты  Қалыбай ауылы маңында болды.  5 жолаушы жанған көліктен шығып үлгерген. Оның үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы екендігі анықталды.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - "Алдымен көзді ашытатын түтін жайылған. Сол түтіннің салдарынан от тұтанған. Адамдардың барлығын құтқаруға осы жай себеп болып отыр. Ал екінші себеп автобус ешігі ашылғанда іштегі түтінге оттегі қосылған. Содан салондағылар бірден шығып кете алмаған. Одан бөлек іште жүк көп болғандықтан жолаушылар екінші қабатта жатқан. Сыртқа шығуына осы жағдайда ісер етіп отыр"

 Еркін Шәкірұлы

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу