Мәскеуде 4-қабаттан құлаған қазақстандық студенттің жағдайы ауыр

804

Мәскеуде 4-қабаттан құлаған қазақстандық студенттің жағдайы ауыр

Мәскеуде қазақстандық студент Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Today.kz. 

Қыздың анасы Жанна Ахметова Томиристің қазіргі жағдайын айтты. 

"Жағдайы тұрақты ауыр, өкпесі жасанды вентиляциямен демалып жатыр, аппаратсыз тыныстап жатқан жоқпыз, бүйрегін алып тастады, қабырғасы, жамбас сүйегі, қолы сынған. Дәрігерлер өкпеден қауіптеніп отыр, өйткені өкпесіне қатты соққы тиген, көп қан жоғалтқан", – деді Жанна Ахметова. 

Сол күні не болғаны белгісіз, қыздың жақын достары өз-өзінен секіріп кетуі мүмкін емес деген пікірде. 

"Ол биыл университетті аяқтауы керек болатын. Мәскеуден жұмысқа ұсыныс түскен", – дейді анасының құрбысы Айгерім Әшімова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу