Алыс шетелден келетін мигранттар көбейген

1028

Алыс шетелден келетін мигранттар көбейген

Соңғы үш жылда алыс шетелден келген мигранттардың көпшілігі Қытай мен Түркия азаматтары болып отыр. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Еліміздегі көші-қон процесі өте ауқымды. Болашақта ол тек арта түседі. Соңғы үш жылда, ресми статистика бойынша, біздің елімізге 5 миллион 600 мыңнан астам шетелдік азамат келген. Олардың тоқсан пайыздан астамы ТМД елдерінің азаматтары, негізінен Өзбекстан, Ресей, Қырғызстаннан келгендер", — деп баяндады Қасымов мәжілісте өтіп жатқан отырыста. 

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, алыс шетелден келетін мигранттардың қатары да көбейіп отыр.

"Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға дейін жетті. Олардың көбі Қытай және Түркия азаматтары", — деді ол. 

Қасымов заңсыз көші-қонмен күресу министрліктің алдында тұрған басты міндет екенін атап өтті. 

"Себебі бұл еліміздегі қоғамдық тәртіп үшін қауіпті фактор. Өйткені, миграция ағымы есепті бизнес, адам саудасы, экстремизм және терроризммен байланысты болған кездер аз емес. Бұл салада бақылау мен реттеуді тиімді ұйымдастырмасақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зиян келуі мүмкін", — деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу