Мұнай өнімдерін көлікпен тасымалдауға шектеу қойылды

854

Мұнай өнімдерін көлікпен тасымалдауға шектеу қойылды

Мұнай өнімдерін шекара бекеттерінен көлікпен алып өтуге шектеу қойылды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай бұйырды.

Бұл шектеу Алакөл және Достық бекеттерінен басқасының бәріне бірдей міндетті болмақ. Яғни, өзге бекеттерден енді сұйытылған газды, пропан мен бутанды көліктер арқылы тасымалдауға болмайды. Мұндай шешім қоршаған ортаны қорғау реестрінің талаптары негізінде қабылданып отыр. Сондай-ақ, тасымалдауға шектеу техногендік апаттардың алдын алуға сеп болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу