Негізгі астық өсіретін облыстарға ғылыми қолдау жасайтын ЖОО бекітілді

1033

Негізгі астық өсіретін облыстарға ғылыми қолдау жасайтын ЖОО бекітілді

Еліміздің солтүстігінде негізгі астық өсіретін облыстарда агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жұмыстары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арқылы іске асырылады. Бұл туралы осы оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елбасы өзінің жолдауында алдымызға үлкен мақсат қойды. Бес жылдың ішінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігі 2,5 есе өсуі керек. Әрине, ол үшін соңғы буынды технологияларды қолдануымыз қажет. Министрліктің шешімімен біздің университетіміз жақында барша солтүстік өңір аумағында "ақылды" технологиялардың негізгі ғылыми орталығы болып бекітілді. Енді осы үлкен жұмысты бастауға кіріскелі отырмыз", - деді ректор.

Оның сөзіне қарағанда, оқу орнының жоспары бойынша әрбір облыста екі үлкен базалық шаруашылықтар айқындалады. Осы орайда бұл шаруашылықтарда қанатқақты режімде "ақылды" технологиялар енгізілмек.

"Бұл шаруашылықтардағы тәжірибені көріп, үлгі ретінде басқа шаруашылықтар өздерін жетілдіруге тырысады деп ойлаймыз. Атап айтқанда, іріктелген шаруашылықтар біздің университеттің көмегімен тың жаңалықтар мен технологиялардың орталығы болады деп айта аламыз", - Ақылбек Күрішбаев.

Айта кетейік, бүгін аталған университетте Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаевтың қатысуымен бірлескен кеңес өтіп жатыр. Жиын барысында облыс аумағында еңбек өнімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар талқылануда.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу