Оқушыға қол көтерген мұғалім заң алдында жауап береді

4454

Оқушыға қол көтерген мұғалім заң алдында жауап береді

Алматы облысында оқушыны ұрған мұғалім төңірегіндегі дау ушыға түсті. 7-ші сынып оқушысына қол көтерген химия пәнінің мұғалімі енді бұл әрекеті үшін сот алдында жауап береді деп, хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

 Қазір аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабымен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті деп, хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекова.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз әйел адамның оқушыны төпелеп ұрып жатқан бейнежазбасы пайда болып, көпшіліктің наразылығын туғызған еді. Соңынан анықталғандай, оқушы мен мұғалім арасындағы кикілжің Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №9 мектепте орын алған. Облыстық білім басқармасының берген ақпаратына сәйкес, мұғалімнен таяқ жеген 7 -ші сынып оқушысы ұстаздың қызын ұрған көрінеді. Осы әрекеті үшін ашуға булыққан мұғалім үзіліс кезінде сыныпқа келіп балаға есесін қайтарған. Қазір баласын жақтаған мұғалім Мира Мамедалиева жұмыстан шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу