Он алты жасқа толмаған жасөспірімнің өз бетімен мешітке баруына шектеу қойылмақ

824

Он алты жасқа толмаған жасөспірімнің өз бетімен мешітке баруына  шектеу қойылмақ

Он алты жасқа толмаған жасөспірімдер өз бетімен мешітке бара алмауы мүмкін. Құзырлы министрлік дін туралы заңға осындай өзгеріс енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Деструктивті діни ағымдарға қатысты ата-аналардың алаңдаушылығы күшейген. Сондықтан 16 жасқа дейінгі балалардың мешітке әке-шешесімен не басқа да ересек туыстарымен бірге баруын заңмен бекітпек. Сонымен қатар заң жобасына енгізілетін өзгерістер арасында қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім киюге де тыйым бар. Бұдан басқа діни қызметке байланысты қылмыстарды болдырмау үшін тәртіп сақшыларының функцияларын кеңейту де жоспарланып отыр. 
Жалпы заң жобасы аясында 12 заң актісіне шамамен 50-ге жуық түзету мен толықтыру енгізіледі. 
"Біздің елімізде қоғамның жағдайы мен оның діни саладағы сұраныстары өзгерді. Діншіл адамдардың үлесі артты. Діни аудиторияға шетелден ықпал ету едәуір күшейді. Бұған ақпараттық кеңістіктің ашықтығы және жаһандану процестері де әсер етуде. Бүгінде біздер діни ұйымдармен бірлесе шешетін бірқатар қауіп-қатер пайда болды. Сондықтан дамуымыздың жаңа кезеңінде діни қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктерін жетілдіруді ұсынып отырмыз",- ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу